11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №56

306 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
2016 жылғы 21 қаңтар, Астана қаласы «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде: 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы органдар (бұдан әрі – диссертациялық кеңес). 3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік 3 (үш) жылға құрады. Ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындары диссертациялық кеңестерді өз бетінше құрады. Құрылған күнінен бастап бір ай ішінде ЖОО-лар Комитетке құрылған диссертациялық кеңестер туралы ақпарат ұсынады. Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялық жұмыстар бойынша Комитеттің 2 (екі) теріс шешімі болған жағдайда, ЖОО-ның Ғылыми кеңесі диссертациялық кеңесті жаңа құрамда бекітеді. Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялар бойынша Комитеттің теріс шешімі 2-ден (екіден) көп болған жағдайда, диссертациялық кеңес қызметін тоқтатады және 3 (үш) жыл жұмыс істемейді.»; 7-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын: «7. Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және тиісті зерттеу саласында кемінде 5 ғылыми мақаласы бар кемінде 3 (үш) маман қосылады. Бұл ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдері, кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде мүшелерінің кемінде 1/3-ін (үштен бірін) басқа ЖОО-лардың, ғылыми және басқа ұйымдардың өкілдері құрайды, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Докторант оқыған ЖОО кафедралардың және/немесе зертханалардың (бөлімдер, орталықтар) кеңейтілген отырысында докторант диссертациясының талқылануын қамтамасыз етеді. Кеңейтілген отырыстан 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі бар 2 (екі) маманға жолданады. Кеңейтілген отырысқа кафедра және/немесе зертхана мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер, сондай-ақ мәндес кафедралардың (зертханалардың, бөлімдердің, орталықтардың), ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады. Отырыста кеңесшілер болмаған жағдайда, олардың докторанттың диссертациясы бойынша пікірін кафедра/зертхана (бөлімдер, орталықтар) меңгерушісі оқиды. Докторант оқыған ЖОО диссертациялық кеңеске ЖОО бланкісінде жазылған ілеспе хатпен мынадай құжаттарды ұсынады: 1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін отандық консультанттардың пікірлері); 2) кафедралардың және/немесе зертханалардың кеңейтілген отырыстарының оң қорытындысы; 3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация; 4) ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері. Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады. Құжаттарды қабылдауды кемінде 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде тіркейтін диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы жүзеге асырады және диссертациялық кеңеске ұсынады.»; , 15, 15-1 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады. Мыналар рецензент бола алмайды: 1) Комитет қызметкерлері; 2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары; 3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО бөлімшелерінің және ғылыми ұйымның (кафедралардың, зертханалардың, бөлімдердің, орталықтардың) басшылары және қызметкерлері. Рецензенттің біреуін диссертациялық кеңес құрамынан тағайындауға болады. 15. Диссертациялық кеңес ЖОО интернет-ресурстарында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі ақпаратты (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады: 1) мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын); 2) диссертация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын және қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде); 3) көлемі 1 (бір) баспа табақтан кем емес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын); 4) докторанттың жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын); 5) қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді ғылыми кеңесшілердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын); 6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 10 (он) жұмыс күні бұрын); 7) қорғаудың бейнежазбасы (қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде); 8) диссертациялық кеңестердің есептері (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін); 9) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда). Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған жағдайда, авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын заңсыз көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады. ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылғаннан кейін диссертация мәтініне өзгерістер енгізуге жол берілмейді. ЖОО-ның интернет-ресурстарында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды. Алдағы қорғау туралы хабарлама да түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен диссертациялардан басқа). Диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялардан басқа). 15-1. Диссертация қорғауға қабылданғаннан кейін (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын) диссертациялық кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына (бұдан әрі - ҰҒТАО) жібереді. Егер ҰҒТАО-да докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғаны анықталған болса, диссертациялық кеңес теріс шешім қабылдайды. Мемлекеттік құпиялары бар диссертацияларда авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалдың пайдаланылуы ҰҒТАО-да немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында және/немесе ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі. 16. Рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда таңдалған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар, ұсынымдар және оның практикалық құндылығы негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі. Рецензенттерді қорғауға дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын ауыстыруға болады. Егер рецензентті ауыстыру туралы шешім 10 (он) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады. Рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын беріледі. Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес пікірді кем дегенде 7 (жеті) жұмыс күні бұрын рецензентке қосымша қарау үшін қайтарады немесе рецензентті ауыстырады. Рецензенттер сондай-ақ жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады.»; 18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Рецензенттердің біреуі жоқ болған жағдайда (дәлелді себептер бойынша) оның пікірін ғалым хатшы оқиды. Рецензенттерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.»; 19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «19. Диссертациялық кеңес докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау немесе аталған дәрежені беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді. Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, оң қабылданды деп саналады. Егер оң шешімге отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3-інен (үштен екісінен) кемі дауыс берсе, теріс шешім қабылданады. Теріс шешім қабылданған жағдайда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Үлгі ереже мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген Ғылыми дәрежелер беру ережесінің (бұдан әрі - Ереже) қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды. Рецензенттердің, ғылыми кеңесшілер пікірлерінің көшірмелері, төраға мен ғалым хатшы қол қойған диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы, стенограммасы мен қорытындысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Комитетке жіберіледі.»; 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы (С.Н. Нүсіпов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. СӘРІНЖІПОВ «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Ұлттық қауіпсіздік Ішкі істер министрі И. Н.Тасмағамбетов комитетінің төрағасы Қ.Н. Қасымов ________________ _____________ В.З. Жұмақанов _________ 2016 жылғы ___________20___ жыл 4 ақпан 2016 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №56 бұйрығына қосымша Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге 2-қосымша ТІРКЕУ-ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (толық) Туылған жылы Азаматтығы Ұлты Аттестациялық істің № Диссертациялық кеңес Шешім қабылданған күні, айы, жылы Шешімнің № Диссертация қорғалған ЖОО-ның атауы Дәрежені ізденуші Мамандық атауы Дәреже берілді Дипломның № Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор Ескерту: 1. Мәтін 148х105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада басылады. 2. «Аттестациялық істің №» және «Дәреже берілді» деген бағандар Комитетте толтырылады. 3. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қорғауда ұсынылады қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі және оның қолымен расталады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13406 болып енгізілді.